2025 жылдың наурыз айында Бурабайда өткен 4-ші Ұлттық құрылтай еліміздің қоғамдық-саяси реформаларын талқылаудағы маңызды кезең болды. Бұл құрылтайға Қазақстанның әр өңірінен келген түрлі сала мамандары, қоғам қайраткерлері, заңгерлер мен экономистер қатысты,- деп хабарлайды turkistan.today
Президент құрылтай барысында салық реформасы мен оның қоғамға ықпалы туралы айта келе, бұл реформаның еліміздің экономикасының тұрақтылығы мен әлеуметтік міндеттемелерді орындау үшін аса қажетті екенін жеткізді.
Құрылтайда Ұлттық құрылтай мүшелері еліміздегі әлеуметтік теңдік, әділеттілік және экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қол жеткізу қажет шараларды талқылады. Сонымен қатар, азаматтық қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының маңызы да ескеріліп, халықтың ұсыныстары мен пікірлері негізінде көптеген жаңа бастамалар ұсынылды.
Сонымен қатар, Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасы салынатындығын айтты. Перзидент Ұлттық құрылтайдың IV отырысында елімізде ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатқандағын жеткізді. Атап айтқанда, 2025-2026 жылдардың өзінде Қашаған кенішінде газ өңдеу зауытын, сонымен бірге, «Талдықорған – Үшарал» магистральді газ құбыры мен «Бейнеу–Бозой -Шымкент» газ құбырының екінші желісін іске қосу жоспарланған. Үкімет Қызылорда және Түркістан облыстарында бу-газ құрылғысына негізделген электр стансасын салады. Алматыдағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 жаңғыртылатын болады. Сонымен қатар, «Кендірлі» демалыс аймағында су тұщытатын зауыт жұмыс істей бастайды.
Бекзат Хабибов
Кентау қаласы Қарнақ
ауылдық өзбек этномәдени
бірлестігінің төрағасы,
Кентау қаласы мәслихатының
депутаты
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.