Республикалық референдумға өз таңдауын жасауға келген дауыс берушілер ойынға белсене қатысты
Түркістан облысында дауыс беру учаскелерінде спорттық ойындардан жарыстар өтіп жатыр. Мәселен, Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 дауыс беру учаскесінде науқанға қатысушылар арасында үстел теннисі, дойбы, қол күресі, тоғызқұмалақ ұлттық ойындардар жарыс ұйымдастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today
Республикалық референдумға өз таңдауын жасауға келген дауыс берушілер ойынға белсене қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Жеңімпаздар анықталып, сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, Отырар ауданында арқан тартудан сайыс ұйымдастырылып, белсенділік танытқан азаматтар арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, дауыс беру - азаматтардың тұрғылықты жері бойынша дауыс беру учаскелерінде өтеді. Учаскелер 07:00-ден 20:00-ге дейін ашық болады. Азаматтар өз басын куәландыратын құжат арқылы дауыс бере алады. Айта кетейік, бүгін облыс бойынша қоғамдық көліктер тегін қатынайды.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.