Түркістан облысында интернет алаяқтыққа қатысты 500-ге жуық іс тіркелген

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 15 қараша, 2024

Статистикаға сәйкес, 2024 жылдың 10 айының қорытындысымен облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 454 іс тіркелсе, оның 196 – сы сотқа жолданған

Елімізде соңғы жылдары интернет-алаяқтыққа қатысты қылмыстардың саны күрт өсуде. Осы орайда Түркістан облыстық полиция департаменті тарапынан арнайы «CyberPol» тобы құрылды. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі Ермек Ералыұлы мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Статистикаға сәйкес, 2024 жылдың 10 айының қорытындысымен облыс көлемінде интернет-алаяқтық бойынша 454 іс тіркелсе, оның 196 – сы сотқа жолданған. Аталған саладағы қылмыстардың ашылу пайызы – 44,5%. Сонымен қатар, биыл 1 қарашадан бастап ІІМ-де интернет-алаяқтықпен күресті тиімді жүргізу мақсатында киберқылмысқа қарсы күрес департаменті құрылды. Алдағы уақытта біздің өңірде осындай дербес басқарманы ашу бойынша жұмыстар атқарылуда. Сондай-ақ, арнайы мақсаттағы топтың әлеуметтік желілерде парақшалары ашылды. Бұдан былай алаяқтардың құрбанына айналған азаматтар әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға анонимді түрде өз арыз-тілектерін жолдай алатын болады»-деді спикер. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.