Түркістан облысында ортақ жайылым аумағы артып келеді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 27 қараша, 2024

Түркістан облысында жайылым қорын молайту – өте маңызды әрі жауапты мәселе. Бұл ретте Мемлекет басшысының ортақ жайылым көлемін арттыру туралы тапсырмасына сәйкес біршама жұмыстар атқарылуда,- деп хабарлайды turkistan.today

Жалпы, Республика бойынша мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді айналымға енгізу барысында ауылдық әкімдіктерге жергілікті халыққа мал жаю үшін бекітілген 1 млн 891,1 мың гектар жайылым жерлердің 26 пайызы Түркістан облысына тиесілі. Облыстағы жайылым тапшылығы 2023 жылдың басында 2 млн 122,2 мың гектарды құраған болатын. Жергілікті атқарушы органдармен атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2024 жылға шартты мал басы 843,1 мың болса, ал жайылым тапшылығы 608 мың гектарды құрады. 2024 жылға ортақ жайылым көлемін 304 мың гектарға ұлғайту жоспары бекітіліп, бірқатар жұмыстар атқарылған. Атап айтқанда, 64 мың гектар жерді ортақ жайылымға қайтару жоспарланып, 1 қарашадағы жағдай бойынша 49,1 мың гектар жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылған. 

Сондай-ақ, жалпы ортақ жайылым қажеттілігін төмендету бойынша шалғайдағы маусымдық жайылымдарды ұйымдастыру, мал бордақылау алаңдарын ашу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Биыл шалғай аймақтардағы маусымдық жайылымды ұйымдастыру арқылы ортақ жайылым қажеттілігі 95,5 мың гектарға төмендетілді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.