Түркістан облысында республикалық «JasSAQ» этно-реалити жобасы өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 22 маусым, 2025

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы «Жұмбақ тау» этно-лагерінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен республикалық «JasSAQ» телевизиялық этно-реалити жобасының жоғары деңгейде өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Этно-реалити форматындағы бірегей жобаға еліміздің әр өңірінен келген 100-ге жуық жас қатысты.

Жоба аясында қатысушылар ұлттық спорттық және тұрмыстық бағыттағы 7 түрлі сайысқа қатысып, мергендік, күш, ептілік, шеберлік сынды қасиеттерін сынап көрді.

Жобаның қорытынды сәтінде барлық қатысушылар дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 

Сайыс нәтижесі бойынша 1 орынды «Қырандар» командасы иеленді. Жүлделі 2 орын «Көк бөрі» командасына бұйырды. Ал, 3 орынды «Nomad» командасы місе тұтты. 

Ынталандыру сыйлықтары «Яссауи», «Алмас қылыш», «Алаш ұрпақтары» командаларына бұйырды. 

Үш күнге созылған шараның салтанатты жабылу рәсімінде Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Ернар Бектаев қатысушыларға алғыс білдіріп, жобаның жастар үшін маңызын атап өтті. 

Этно-реалити жоба аясында қатысушылар ұлттық спорт және тұрмыстық сайыстарға қатысып, рухани-мәдени сабақтар арқылы салт-дәстүрмен терең танысты. Жаңа достар тауып, командалық бірлік пен ұлттық рухты сезінді. 

Жобаның жабылу салтанатын «Ақбұлақ» жайдарман командасы жүргізіп, көңілді ойындар мен әзілдері арқылы қатысушылардың көңілін көтерді. Сонымен қатар Шарада бишілері өнер көрсетіп, «Созақ серілері» тобы ұлттық ән-жырмен көрерменді тәнті етті. 

Кеш соңында жастар алау жағып, естелік суретке түсті.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.