Түркістан: Сібір жарасының алдын алу үшін үй жануарларына 6,6 миллион дана екпе егілді

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 4 қазан, 2024

Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 50 метрлік радиуста 310 ошақ арнайы ертінділермен залалсыздандырылды

Соңғы жылдары елімізде адамдар арасында Сібір жарасы ауруы тіркелуде. 2024 жыл басынан бүгінгі күнге дейін аталған сырқат бойынша күдікті 35 жағдай тіркеліп, 14-нің диагноздары  расталған.  Бұл туралы өткен брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today

«Сібір жарасы – қауіпті әрі жұқпалы ауру. Адамға жануарлардан адамға жұғады, ал адамнан адамға жұқпайды. Өздеріңізге белгілі, облыс халқының 70 пайыздан астамы ауылды жерлерде тұрады. Оның ішінде ауыл тұрғындарының басым көпшілігі мал ұстайды. Жара - жануарлардан, мал сойғанда, малға күтім жасағанда, ауру малдың етін қолданғанда жұғады»-деді спикер.

Сонымен қатар, брифингте өңірдегі ветеринария басқармасының бөлім басшысы Нұрбол Мұхтарұлы аймақтағы Сібір жарасының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан екпе жұмыстары туралы мәлімдеді.

«Биылғы жылы ауыл шаруашылығы жануарларына Сібір жарасы ауруына қарсы 6,6 миллион дана екпе салу жоспарланған. Қазіргі таңда 9 ай қорытындысымен 5 498 000 екпе егілді. Сібір жарасының көмінділері бойынша 1948-2023 жылдары аралығында 394 қолайсыз ошақ тіркеліп, оның 326-сы анықталған. Жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 50 метрлік радиуста 310 ошақ арнайы ертінділермен залалсыздандырылды»-деп баяндады спикер.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.