Түркістан облысында заңсыз 13 ойын залының жұмысы тоқтатылды

Түркістан 27 қыркүйек, 2024

2 заңсыз онлайн ойыны және 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталды

2024 жылдың 9 айында департамент қызметкерлерімен заңсыз ойын бизнесіне қарсы 10 қылмыстық іс тіркеліп, 13 заңсыз ойын залының жұмысы тоқтатылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Сондай-ақ, 2 ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталып, 2 заңсыз онлайн ойыны және 500-ге жуық заңсыз ойын сайттары бұғатталды. Бұл туралы өткен брифингте облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Диас Сүлейменов мәлімдеді.

«2023-2024 жылдары аралығында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылардан жалпы құны 63 667 965 теңгені құрайтын 4 жылжымайтын мүлік пен 5 автокөлік тәркіленді. Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ұйымдастырушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту мақсатында ҚР Туризм және спорт министрлігіне хабарлама жіберілді.

Өңір азаматтары заңсыз ойын залдары мен казино ойынханасын көрген жағдайда «Telegramm» әлеуметтік желісіндегі арнайы «АФМ insider» чаты арқылы анонимді арыз-өтініш тастай алады. Түркістан облысы аумағында заңсыз ойын бизнесімен күресу және жолын кесу үшін облыстағы құқық қорғау органдары және жергілікті билік органдарымен, БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, ауыл билерімен өңірдегі тұрғындарымен бірге тұрақты жұмыстар жүргізілуде»-деді спикер.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.