Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында балық шаруашылығын дамыту мәселесін көтеріп, осы тапсырмаға орай балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданып, республика бойынша 270 мың тонна балық өсіру жоспары бекітілген болатын,- деп хабарлайды turkistan.today
Түркістан облысында бұл бағытта жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Осы орайда өңір бойынша 2030 жылға дейін тауарлық балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, аудан, қала әкімдіктеріне тиісті тапсырмалар беріліп, бүгінде облыста тауарлы балық өсірумен айналысатын шаруалардың саны 231-ге жетті. Оның 160-ы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясымен заңдастырылған.
Облыс әкімі балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізу және инвесторлар тарту жұмыстарын жандандыруды тапсырған болатын. Бүгінде арнайы жұмысшы топ құрылып, өңірдегі Төлеби, Қазығұрт, Сарыағаш, Келес, Мақтаарал, Жетісай, Шардара аудандары мен Арыс қаласына барып, кәсіпкерлер мен шаруаларға мемлекет тарапынан бөлінетін жеңілдіктер (субсидия) бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Онда кәсіпкерлерге балық шаруашылығын дамыту үшін мемлекеттік қолдаулар мен жеңілдіктерді алуға қатысты мол ақпарттар айтылып, олардың толғандырған мәселелерін тыңдап, пікірлесті.
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп келеді. Өткен жылы өңірде 7000 тонна балық өсіру жоспары бекітіліп, жыл қорытындысымен 7509 тоннаға орындалды. Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар қарастырылған. Атап айтқанда, мелекет тарапынан акваөсіруді субсидиялау балық шаруашылығын дамытуға оң ықпалын тигізуде. Аталған бағыт бойынша жергілікті бюджеттен 2024 жылы 500 млн. теңге бөлініп, 62 балық шаруашылығы субектісінің шығыстары өтелген.
Өңірде экспортқа бағыталған ірі 4 кәсіпорын жұмыс істейді. Былтыр 2236, 78 тонна балық өнімдері шет мемлекеттерге экспортталды.
Айта кетейік, арнайы құрылған жұмысшы топ өкілдері 6-14 ақпан аралығында өңірге қарасты 17 аудан, қалаларды аралап, балық шаруашылығын дамыту мақсатында кәсіпкерлермен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.