Түркістан облысының кәсіпкерлері жаңа салық кодексін талқылады

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Экономика 12 ақпан, 2025

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Құдайбергенов Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының салалық және аудандық кеңес мүшелерімен кездесіп, жаңа салық реформасын талқылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Кездесу барысында қатысушылар жаңа Салық кодексіндегі өзгерістер жайын айтып, оның бизнеске ықпалын саралады.

«BNK Group LTD» ЖШС бас директоры Ниязалы Бейсенбаев Қазақстанда қосылған құн салығының 20%-ға көтерілуінің агроөнеркәсіп кешен өндірушілеріне ықтимал әсеріне тоқталды.

«ҚҚС мөлшерлемесінің 20%-ға өсуі шағын және орта бизнеске айтарлықтай салмақ түсіреді. Сондықтан Үкіметке кейбір басым салалар үшін дифференциалды салық мөлшерлемесін енгізу, табысы төмен кәсіпорындарға уақытша салықтық демалыс беру және көлеңкелі экономикамен күресу шараларын күшейту мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Бұл кәсіпкерлер мен тұтынушыларға келетін теріс әсерді азайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.

Ал, «Қуаныш» ЖШС-нің директоры Инара Намазбаева ҚҚС мөлшерлемесінің артуы мемлекеттік бюджетке түсетін кірісті көбейткенімен, оның ұзақ мерзімді салдарына назар аудару қажет екенін жеткізді.

«Жоғары ҚҚС экономикалық белсенділікті төмендетіп, елдің инвестициялық тартымдылығына кері әсер етуі мүмкін. ҚҚС шегінің төмендеуі кәсіпкерлерді қосымша салық жүктемесіне ұшыратады. Салдарынан тауарлар мен қызметтердің қымбаттауы әбден мүмкін», – деді спикер.

Кәсіпкерлердің айтуынша, салық саясатындағы кез келген өзгеріс бизнес-қоғамдастықтың пікірін ескере отырып қабылдануы тиіс.

Кездесу барысында бизнес өкілдері салықтық жүктеменің артуына байланысты алаңдаушылықтарын білдіріп, өз ұсыныстарын жеткізді. Ал, Ұлттық экономика министрлігі өкілдері барлық пікірлер мен ұсыныстардың назарға алынатынын мәлімдеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.