Биыл ақпан айында Түркістан қаласына «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесі берілген болатын. Осы мәртебе аясында 26-28 қыркүйек күндері Түркістанда «Түркістан – қолөнершілер қаласы» халықаралық фестивалі өтеді,– деп хабарлайды turkistan.today
Халықаралық шараға дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы және сала басшылары арнайы «Қолөнершілер қалашығы» кешенін аралап, дайындық барысымен танысты.
Сондай-ақ, халықаралық фестивальге әлемнің 7 елінен 50-ге жуық қолөнерші және Қазақстанның түкпір-түкпірінен 100-ге тарта шебер қатысады деп жоспарлануда. Фестиваль аясында дәстүрлі қолөнер туындыларының көрмелері, шеберлік сағаттары, мәдени бағдарлама ұйымдастырылып, ұлттық құндылықтар дәріптеледі. Ал «Қолөнершілер қалашығы» кешенінің ашылу салтанатында елімізге танымал эстрада жұлдыздары мен өнерпаздардың концерттік бағдарламасы өтеді.
Айта кетелік, жалпы аумағы 2,3 гектарды құрайтын кешеннің құрылысы 1,5 гектар жерде жүргізілді. Туристік және мәдени бағыттағы бұл орталық 8 негізгі функционалды бөліктен тұрады. Мұнда 20 шеберхана, 2 шоурум, көрме залы, мейрамхана, қонақүй және өзге де қажетті инфрақұрылымдар қарастырылған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.