Түркістан: Ордабасы ауданында мұқтаж жандар баспаналы болды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 11 сәуір, 2025

Түркістан облысында қайырымдылық іс-шаралары көбейіп келеді. Бүгін Ордабасы аудан әкімінің бастамасымен кәсіпкер азаматтардың демеушілігімен қайырымдылық шарасы аясында әлеуметтік санаттағы баспанаға мұқтаж отбасыға тұрғын үй тарту етілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Салтанатты шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Азат Оралбаев жаңа қоныс иелеріне шын жүректен құттықтап, жылы  лебізін білдірді.

– Қайырымдылық жасау үшін ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез-келген жағдайда адамдар бір-біріне әртүрлі бағытта көмек қолын соза алады. Бүгінде сондай игі істерді мақсат еткен жомарт жандар арамыздан табылып, біздің ұсынысымызды дұрыс қабылдап, мінеки, баспана мұқтаждығын сезініп келе жатқан отбасыға тұрғын үй табыстағалы отырмыз. Демеуші азаматтарға алғысымды айтамын. Бұл керемет істі осымен тоқтатпай, ары қарай тұрақты үдеріске айналдырсақ деген жоспарымыз бар, –деді аудан әкімі.

Шараға аудандық маслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудандық ардагерлер кеңесі төрағасы Бостандық Жәкей үй иелерін құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Бұл игі шараның жүзеге асуына демеуші болған «Құрылысшы» қайырымдылық қорын құрушы іскер азаматтар жылы лебіздерін жеткізіп, өз тараптарынан осы іске қолдау көрсеткен аудан басшылығына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар бүгінгі сыйлық иелері әкімдік пен демеушілер тарапынан тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.