Түркістан: Ордабасы ауданында өндірістік парктің құрылысы басталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 4 сәуір, 2025

Түркістанда жүзеге асып жатқан өндірістік парк жобасы аудандарда жалғасын тапты. Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Индустриалды аймақта «Бадам» өндірістік паркінің құрылыс капсуласын салу рәсімі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Бұл жоба аймақтағы кәсіпкерлікті дамытуға жаңа серпін беріп, өңірдің экономикасын арттыруға мүмкіндік бермек. Шағын парк аумағы – 8 га. Әзірге мұнда жергілікті кәсіпкерлер 5 өндіріс орнын ашуға ниет білдірген. 

Одан бөлек, ауданда Шұбар, Шұбарсу, Темірлан ауылдарында өндірістік парк құру жоспарлануда. Кәсіпкерлер инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындарында іс бастауға қызығушылық танытатыны күмәнсіз.

Өндірістік паркті құру мақсаты – әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл ретте, өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді. Мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылады. Зауыт, фабрикалардың «Түркістанда жасалған» брендімен шығарылған өнімдері әлемдік нарықтарға жол тартады.

– Облыста алғаш рет Түркістанда  100 га аумақта «Шағын өнеркәсіптік парк» жобасы ашылды. Бұл – жергілікті кәсіпкерлерімізге деген үлкен қолдау. Кәсіпкерлерге инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген, құрылысы дайын өндіріс орындары ұсынылып, осы арқылы жұмыс орындарын көбейту көзделіп отыр. Дәл осы маңызды жобаны аудандарымызда жалғастыруды көздеп отырмыз, – деді облыс әкімі.  

Сондай-ақ өңір басшысы Бадам ауылындағы Индустриалды аймақта салынып жатқан «Central Asia Aluminum Company» ЖШС-нің алюминий профильдерін өндіру жобасымен де танысты. Бұл жоба – өңірдегі ірі инвестициялық бастамалардың бірі. Жақын арада іске қосылады. Жоба құны – 4,4 млрд теңге. 200 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Өндірістік қуаты – жылына 20 000 тонна алюминий профильдері. Бұл кәсіпорын іске қосылған соң, аймақтағы жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, өңір экономикасына айтарлықтай үлес қоспақ. Сондай-ақ Қазақстанның алюминий өнімдерін экспорттау әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл бастамалар Ордабасы ауданының инвестициялық тартымдылығын арттырып, жаңа өндіріс ошақтарының пайда болуына ықпал етпек.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.