Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инфрақұрылымды жақсарту тапсырмасымен әлеуметтік нысандар салынып, Жаңа жыл қарсаңында пайдалануға тапсырылуда,- деп хабарлайды turkistan.today
Бүгін тағы бір мектеп Ордабасы ауданы, Төрткүл ауылында пайдалануға берілді. Білім ұясының салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев қатысып, мектеп ұжымының жұмысына сәттілік тіледі.
– Бұл мектеп – болашақ ұрпаққа салынған үлкен инвестиция. Біз балаларымыздың сапалы білім алуы үшін барынша жағдай жасаймыз. Өңірімізде жаңа білім ұялары салынып, апатты және үш ауысымды мектеп мәселелері шешілуде. Бұл – облыстың білім беру саласын жаңа деңгейге көтеруде маңызды қадам, – деді облыс әкімінің орынбасары.
№67 жалпы білім беретін мектеп құрылысы 2020 жылы басталып, тоқтап қалған болатын. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен құрылысты жалғастыруға тиісті қаржы бөлініп, нысан құрылысы толық аяқталды.
Бұған дейін ауыл оқушылары көрші ауылдардағы мектептерге арнайы автобуспен тасымалданып, оқып келеді. 300 орындық жаңа мектеп заман талабына сай жабдықталған. Онда оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Оқу ғимаратында пәндік кабинеттер, зертханалар, кітапхана, спорт залы және асхана бар. IT технологияларды меңгеруге арналған арнайы сыныптар қарастырылған. Оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға қажетті орталықтар ұйымдастырылған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін видеобақылау камераларымен жабдықталған.
Облыс әкімі орынбасарының сапары Бәйдібек ауданында жалғасты. Осы күні Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округінде күрделі жөндеуден өткен Боралдай дәрігерлік амбулаториясы ел игілігіне берілді.
Бейсенбай Тәжібаев «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы аясында облыста 49 медициналық нысанның құрылысы жүргізілгенін атап өтіп, жаңа ғимараттарда қызмет сапасы да жақсарата түсетініне сенім білдірді.
Медициналық нысан 1968 жылы салынған болатын. Ескірген ғимаратқа күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Мекемеде 43 қызметкер жұмыс істейді. Мұнда күніне 90 адамға дейін қабылдауға мүмкіндік бар. Енді жергілікті тұрғындар заман талабына сай салынған жаңа ғимаратта қызмет ала алады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.