Түркістан облысы, Отырар ауданында биыл 7 мектепке жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 3-еуі реновация тізіміне енгізілсе, 4 мектеп ағымдау жөндеуден өтуде,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Отырар ауданына арнайы ісаапармен барып, жаңғыртудан өтіп жатқан үш мектептің құрылыс барысымен танысты. Білім нысандарын аралап, жауапты тұлғалармен кездесті. Аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов, білім бөлімінің басшысы Құдайберген Шербаев атқарылып жатқан шараларды баяндады.
Шәуілдір елді мекеніндегі Ш.Қалдаяқов атындағы мектеп-гимназиясы 1971 жылы салынған. 960 орынға арналған білім ошағында 1000-нан астам бала оқиды. Ал, Ақтөбе ауылындағы Қ.Мұңайтпасов атындағы мектеп 1988 жылы пайдалануға берілген. Бүгінде 440-тан астам оқушы білім алуда. Жаңа Шілік ауылындағы 624 орындық М.Шаханов атындағы білім ұясының салынғанына 50 жылдан асқан.
Аталған үш мектепте де құрылыс маусым айында басталды. Белгіленген жұмыс кестесіне байланысты тамыз айында аяқталуға тиіс. Жөндеу жұмыстары республикалық қаражат есебінен орындалуда. Құрылысқа жауапты мердігер мекемелер — «OIMAG QURYLYS» ЖШС, «НТ ГРУП» ЖШС, «NDS GROUP» ЖШС.
Бейсенбай Дәулетұлы мердігер компанияларға қатаң ескертулер жасады. Артылған жауапкершілік пен міндетті сапалы атқару, ғимараттарды уақтылы әрі мерзімінде қолданысқа тапсыру, материалдық-техникалық базамен қамту, жұмысшылар санын көбейту жөнінде тапсырмалар жүктелді. Айтуынша, кестеден кешіккен мердігер компанияларға тиісті шаралар қолға алынып, айыппұл салынады. Себебі 1 қыркүйек күні балаларға мектепте баруы керек. Сондықтан жөндеу барысындағы мониторинг тұрақты жалғасады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.