Түркістан: Отырардағы тазалық мекемесіне жаңа техникалар табысталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 22 маусым, 2025

Түркістан өңірінде облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің  тапсырмасымен «Таза Қазақстан» бағдарламасын жүйелі жүзеге асыру мақсатында коммуналдық салаға тиісті қолдау көрсетіліп келеді. Осы мақсатта Отырар ауданына көше тазалығы мен коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру үшін жаңа техникалар жеткізілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Жаңа техникаларды аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы коммуналдық қызмет саласының мамандарына табыстап, тұрғындарының өмір сапасы мен аудан тазалығын жақсарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан бастамалардың  маңыздылығына тоқталды.

Аудан әкімі өз сөзінде: «Өткен жылдан бері елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы біздің ауданымызда да кең көлемде өткізіліп келеді. Бүгін  қосылған жаңа техникалар – бұл облыс әкімдігі тарапынан берілген материалдық көмек қана емес, ауылдың тазалығын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту мақсатындағы маңызды бастама. Бұл – ауданымыздың көркеюіне, коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған үлкен қолдау деп білемін», деді.

Сондай-ақ шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов, аудандық қоғамдық кеңесі мен ардагерлер кеңесінің төрағалары Нұржан Дайрабаев пен Бектібай Арзықұлов техникалар тазалық жұмыстары мен коммуналдық қызметтерінің тиімділігін арттыруда маңызды рөл атқаратынын айтып, мамандардың жұмысына сәттілік тіледі. 

«Отырар - 2050» мекемесі бүгінде тәжірибесі мол кәсіпорын ретінде ауданды абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарын жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Мекеме тарапынан аймақтағы тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару, саябақтар мен скверлерді, гүл бақтарын, жаяу жүргінші жолдарын күтіп ұстау, қыс мезгілінде қар тазалау, мұз қатпау үшін жолдарға құм, тұз себу және тал егу жұмыстары жүргізілуде. Кәсіпорнының балансына алынған тракторлар, қоқыс тасығыш сияқты жаңа үлгідегі техникалар мен тиегіш экскаватор аудан тазалығын жақсарту бағытындағы жұмыстарды атқаруда оң септігін тигізеді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.