Түркістан: Сарыағаш ауданындағы Қапланбек кеден бекетіне кіреберіс жол кеңейтіледі

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 9 қазан, 2024

Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес, жүйелі жүргізілуде

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданындағы облыстық маңызы бар «А-15 автомобиль жолы – Қапланбек кеден бекетіне кірме жолын» қайта құрудан өткізу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, аталған жол 2 жолақтан 4 жолаққа ауыстырылады. Жоспарға сәйкес, жол бойында жарықтандыру шамдары және замануи үлгідегі аялдамалар орнатылып, аяқжол салынбақ,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгінгі таңда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жобалаушы мекеме «Бақытжан Жоба» ЖШС тарапынан аталған жолды қайта құрудан өткізуге жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2025-2026 жылдары іске асыру жоспарлануда.

Түркістан облысында жол жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес, жүйелі жүргізілуде. Биыл өңірдің автомобиль жолдарының сапасын арттыруға  республикалық, облыстық бюджеттен және «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында тиісті қаржы қаралып, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы ұзындығы 1061,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 559,6 шақырым жол пайдалануға беріледі деп көзделген. 
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.