Түркістан: Сарыағашта «Үлгілі ауыл» байқауында топ жарған ауылға спорт алаңшасы пайдалануға берілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 13 маусым, 2025

Түркістан  облысындағы  елді мекендер арасында өткен «Үлгілі ауыл» байқауында  ІІ орынды иеленген Сарыағаш ауданына қарасты  Тегісшіл ауылдық округі, Мәдениет елді мекенінде салынған  жаңа ашық спорт және  балалар ойын алаңшасы тұрғындар игілігіне пайдалануға берілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Ашылу салтанатына Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанмен құттықтады. Ауыл тұрғындары алғыстарын білдіріп, балалар жаңа ойын алаңшасында алғашқы ойындарын өткізіп үлгерді.

– Тәуелсіз Отанымыздың тұғырлы, ғұмырлы болуы –  жас ұрпақтың қолында. Бүгінгі пайдалануға беріліп отырған алаңша спортты сүйетін қалың жұртшылықтың, әсіресе, жастардың қымбатты ордасына айналсын! Жастайынан денесі шымыр болып өскен баланың денсаулығы да мықты болады. Келешекте республикамыздың намысын қорғайтын Азия, Әлем, Олимпиада чемпиондары шықсын! Бұл тек бір нысан емес, бұл – ауылдың болашағына салынған инвестиция. Балаларымыздың дені сау, ал ауылымыз көркейе берсін, – деді Арман Абдуллаев құттықтау сөзінде. 

Жаңа спорт инфрақұрылымы ауыл тұрғындарына, әсіресе жастар мен балаларға, салауатты өмір салтын ұстануға және белсенді демалысты ұйымдастыруға мол мүмкіндік береді. Алаңшаларда заманауи жабдықтар орнатылған, қауіпсіздік талаптарына толықтай сай келеді. Жоба облыстық бюджеттен бөлінген қаржы есебінен қаржыландырылған.

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық науқаны аясында 2024 жылы Түркістан облысында облыс әкімінің қолдауымен «Үлгілі ауыл» байқауы өткізілген болатын. Байқау қорытындысы бойынша үздік танылған ауылдарға облыстық бюджет есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салынып, жергілікті тұрғындарға пайдалануға берілуде. 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.