Түркістан: Сауран ауданында аумақтық органдар ғимараты ашылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 27 желтоқсан, 2024

Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округінде аумақтық органдар ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жаңа ғимараттың ашылу салтанатына қатысып, ізгі ниетін жеткізді. Қызметкерлердің өңірді дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

– Өздеріңіз білесіздер, 2021 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Сауран ауданы құрылып, тарихи аймақтың жаңа дәуірі басталды. Түрлі нысандар бой көтеріп,  инфрақұрылымы қалыптасқан жаңа әрі сәулетті ауданға айналуда. Бүгін Шорнақ елді мекенінде  аумақтық органдар ғимараты ел игілігіне тапсырылып жатыр. Беріліп отырған ғимарат мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттырып, тұрғындардың қажеттіліктерін жедел әрі сапалы шешуге мүмкіндік береді. Осында қызмет ететін мемлекеттік қызметшілер ел игілігі үшін сапалы жұмыс істеулері керек, – деді Дархан Сатыбалды.

2,1 гектар аумақта орналасқан ғимараттың жалпы ауданы 7 303,56 шаршы метрді құрайды. Мұнда мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалған. 

Енді тұрғындар мәселелерін шешу үшін ауданның әр бөлігіне сабылмайды. Өйткені пайдалануға берілген жаңа ғимаратта «Мансап» орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Медициналық-әлеуметтік сараптамалық орталығы, Аумақтық сайлау комиссиясы, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, Кірістер басқармасы, Қазынашылық басқармасы, Статистика басқармасы, «Жасыл Сауран», «Сауран-Газ», «Сауран-Су», «Жол қызметі», «Жастар ресурстық орталығы», «Қоғамдық кеңес» мекемелері орналасады деп күтіліп отыр. 
 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.