Түркістан облысы, Сауран ауданына қарасты Жалаңтөс ауылында медициналық бекет пайдалануға берілді. 250-ден астам тұрғыны бар ауылда бұған дейін 1973 жылы салынған медициналық бекет жұмыс істеп келген,- деп хабарлайды turkistan.today
Алайда, ескі ғимарат «апаттық жағдайда» деп танылып, ауыл тұрғындары үшін дәрігерлік көмек алу барысында қиындықтар туғызды. Енді тұрғындар кедергісіз, заманауи талаптарға сай жаңа ғимаратта қызмет ала алады.
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров жаңа медициналық бекеттің ашылу салтанатына қатысып, тұрғындардың қуанышын бөлісті. Оның айтуынша, бұл медициналық бекеттің ашылуы ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды қадамдардың бірі. Сондай-ақ аудан әкімі мемлекеттік қолдау арқылы тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын айтты.
Биыл Жалаңтөс медициналық бекетін қайта жаңғырту жұмыстары басталған болатын. Жаңа медициналық бекет ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету үшін қажетті құралдармен жабдықталған. Сонымен қатар ғимараттың архитектурасы мен ішкі құрылысы тұрғындардың ыңғайлылығы мен денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.