Түркістан: Сауранда ғасыр жасаған қарияларға құрмет көрсетілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 2 қаңтар, 2025

Жаңа жыл мерекесінде  облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бір ғасыр жасаған қариялардың үйлерін арнайы аралап, мерекемен құттықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Бірінші кезекте облыс әкімінің орынбасары  Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылына табан тіреп,  Ұлы Отан соғысының 100 жастағы ардагері Закир Мұсаевтың  шаңырағында болды.  Облыс әкімінің атынан құттықтау хатын жеткізіп, әкімдік атынан ат мінгізіп, сый-сияпат жасады. 

Закир Мұсаев 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан облысы, Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болған, 9 жасында жетім қалған ол анасы мен қарындасымен бірге қиыншылықтарды бастан өткеріп, 1943 жылы өз еркімен соғысқа аттанады. Ол майданда екі рет жарақат алады, бірақ соғыс аяқталғаннан кейін Германияның Дрезден қаласында күзетші болып қызмет атқарып, 1950 жылы әскерден оралған соң ауылда еңбек жолын жалғастырады.  35 жыл бойы есепші болып еңбек етті. Отбасында 4 қыз, 1 ұл тәрбиелеп, ұрпақтарын еңбекке, адалдыққа, ұлттың рухани құндылықтарына құрмет көрсетуге баулыды.  Қазыналы қария   облыс әкімі орынбасарының арнайы құттықтап келгеніне ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Сондай-ақ облысты дамыту бағытындағы бастамаларына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

Облыс әкімінің  орынбасары содан кейін Ескі Иқан ауылының тұрғыны, 102 жастағы  Хапиза Эрметованың үйіне барды. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтарының жылы»  деп жарияланды. Осы ретте  облыс әкімінің орынбасары еңбек адамына құрмет көрсетті.

Ертай Алтаев батыр ананы қос мереке – туған күні және Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мерекелік сыйлығын табыс етті.  Ақ жаулықты ана  облыс әкімінің орынбасарына алғысын айтып, ақ батасын берді. Елдің тыныштығын тілеп, ризашылығын білдірді.

Хапиза Эрметова  1923 жылы 1 қаңтарда  Жаңа Иқан ауыл округі, Ақтөбе елді мекенінде дүниеге келген. Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда еңбек еткен Хапиза апа сол қиын кезеңде ел үшін үлкен еңбек сіңірді. Соғыс аяқталғаннан кейін, 1953 жылы Ескі Иқан ауылына қоныс аударып, отбасымен бақытты өмір сүріп, 8 баланы тәрбиелеген. Еңбек ардагері  39 немере, 8 шөбере сүйіп отыр.
  

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.