Түркістан: Сауранда мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа жобалар жүзеге аспақ

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 13 наурыз, 2025

Сауран ауданында ауыл шарушылығын, оның ішінде мал шаруашылығын дамыту бағытында жаңа бастамалар қолға алынуда. Атап айтқанда, аудандағы Ескі Иқан ауылдық округінде 20 гектар жерге «Мал бордақылау және малшы үйі» жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жаңа жоба үшін Ескі Иқан елді мекенінен 3 шақырым қашықтықта орналасқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер таңдалып, қажетті құжаттар әзірленуде,- деп хабарлайды turkistan.today

Қазіргі уақытта мал бордақылау алаңын салуға қызығушылық танытқан 35-тен астам кәсіпкер бар. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ниет білдіруші кәсіпкерлермен белгіленген жер телімінің басында кездесіп, пікір алмасты.

Кездесуде ауыл шаруашылығы жұмыстары үшін барлық қажетті жағдайлар жасау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар жобаны жүзеге асыруға қажетті жол салу, инфрақұрылым тарту жоспарлары айтылды. Осы ауқымды жобалар іске асқанда, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылып, аймақтың экономикалық дамуына тың серпін бермек.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.