Көріктендіру жұмыстары барысында 4 техниканың көмегімен 6,3 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді
Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында, Ақсукенттің орталығында орналасқан «Дендросаябақта» сенбілік жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды turkistan.today
Тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, «Көрікті Сайрам» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері, «Жастар ресурстық орталығының» жастары, жалпы 440-тан аса адам қатысты.
Сенбілік барысында «Дендросаябақтың» сәнін бұзатын сарғайған шөптер мен қураған ағаш бұтақтарын қырықты. Сондай-ақ тұрғындардың жүруіне кедергі келтірмес үшін жолдар мен жиектерін артық шөптерден арылтты. Жан- жақтағы бейберекет тасталған күл-қоқыстарды жинады.
Аталған аумақтың санитарлық тазалығын күтіп сақтау және көріктендіру жұмыстары барысында 4 техниканың көмегімен 6,3 тонна қоқыс арнайы орынға жеткізілді.
Аталған бағыттағы бұл жұмыстарды сайрамдықтар алдағы уақытта да тұрақты жүргізетін болады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.