Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторларды қабылдады. Қытайдың Шанхай аймағынан келген делегация өкілдеріне Түркістан облысының өндірістік және инвестициялық әлеуеті таныстырылды,- деп хабарлайды turkistan.today
– Тарихи Түркістанға қош келдіңіздер. Биыл Шанхай қаласында Түркістан облысының туристік әлеуетін таныстыратын ақпараттық кеңсе ашуға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымызды айтамыз. Бұл – өңір туризмі үшін маңызды қадам. Сіздермен өндірістің сан саласында әріптестік орнатуға дайынбыз. Облыста индустриалды аймақтар, өндірістік парктер, арнайы экономикалық аймақ бар. Ауыл шаруашылығынан бөлек өндіріс, туризм және өзге де бағыттар бойынша бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді Нұралхан Көшеров.
Шанхайлық делегация өкілдері мен ірі кәсіпкерлері Түркістан өңіріне қызығушылық жоғары екенін айта келе, жобаларды талқылауға дайын екендерін жеткізді. Олар Түркістан облысының туристік орындары туралы Қытайда ақпараттық-насихаттық жұмыстарын жүргізбек. Сонымен бірге инвесторлар алманы терең өңдеп, Еуропаға экспорттау, ұн және наубайхана шаруашылығын дамытып, өз елдеріне экспорттау, түсті металдарды терең өңдеу, киім тоқу саласы бойынша да өндіріс орындарын ашып, бірлесе жұмыс істеуге мүмкіндіктері бар екендерін айтты.
Қос тарап аталған ұсыныстарды зерделеп, тиісті келіссөздерді жалғастыруға уағдаласты.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.