Түркістан: Шіркейге қарсы шаралардың нәтижесі бойынша штаб отырысы өтті

Жаңалықтар 13 мамыр, 2025

Түркістан облысында шіркейге қарсы атқарылып жатқан жұмыстардың барысы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауында,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен шіркейге қарсы шаралар бойынша кезекті штаб отырысы өтті. Жиында ағымдағы жағдай, шіркейге қарсы қолданып жатқан препараттар және олардың тиімдігілі қаралды. Сондай-ақ, аудан әкімдіктерінің есептері тыңдалды. Жауаптылар залалсыздандыру жұмыстары жүргізілген ауылдарда дәрілеудің нәтижесімен бөлісті.

Одан бөлек, өңірде қолданылып жатқан биологиялық препараттың өндірушісі ООО «Сиббиофарм» компаниясының өкілі Александр Швыдковтың баяндамасы тыңдалып, «Бактицид» препаратын тиімді пайданалу тетіктері қосымша зерделенді.

Бүгінгі таңда биологиялық залалсыздандыру жұмыстарының 9 туры өткізіліп, 95 тонна «Бактицид» биопрепараты Сырдария өзеніне құйылды. Бұл бағытта 10 техника жұмылдырылған. Сондай-ақ, химиялық дәрілеу жұмыстары 15 секторда бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жалпы 51 елді мекен, 591 көшеде залалсызданыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Бұл жұмыстарға 27 техника жұмылдырылған.

Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жұмысты сапалы орындауды тапсырып, бірқатар міндет жүктеді.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.