Түркістан: Төлеби ауданының инвестициялық әлеуеті таныстырылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 1 тамыз, 2025

Түркістан облысында өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен инвестиция тартуға, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілген.  Осы ретте  Төлеби ауданының әкімі Еркеғали Әлімқұлов Қытай Халық Республикасынан келген инвесторлармен кездесті,- деп хабарлайды turkistan.today

Кездесу барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестициялық мүмкіндіктері және Ленгір қаласындағы кеңес дәуірінде жұмыс істеп, тоқырау жылдарында тоқтап қалған өндіріс ошақтарының қазіргі жай-күйі таныстырылды.

Аудан басшысы қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан өндірістік парк пен индустриалды аймақтың болашағына ерекше тоқталып, бұл нысандардың аудан экономикасын дамытуға және кәсіпкерлікті қолдауға айрықша үлес қосатынын атап өтті.

Еркеғали Амантайұлы шетелдік және отандық инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды жетілдіру, жаңа жұмыс орындарын құру және бизнеске жүйелі қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Сонымен қатар аудан өндіріс ошақтарын қайта іске қосуға ашық екенін және білікті жұмыс күші жеткілікті екенін атап өтіп, инвесторларға барлық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетілетінін жеткізді. Тоқтап тұрған өндірістік нысандардың әлеуетін тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын құру және жергілікті экономиканы жандандыру мүмкін екендігін де ерекше атап өтті.

Өз кезегінде инвесторлар ауыл шаруашылығы мен кен өндіру салаларында бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екендіктерін білдіріп, аудандағы шахта кен орындарының жұмысымен танысуға қызығушылық танытты.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.