Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылданып, тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары үздіксіз жүзеге асуда. Осы ретте, бүгін Наурыз мерекесі қарсыңында Төлеби ауданында 120 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Жоба құны 2,1 млрд. теңгені құрайтын тұрғын үй құрылысының көлемі 7877,4 шаршы метр,- деп хабарлайды turkistan.today
Жаңа қоныс иелерін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов құттықтап, тұрғындарға салтанатты түрде тапсырды. Атап айтсақ, тұрғын үй кезекте тұрған аз қамтылған, көпбалалы отбасылар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылды. Аталған тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарын «Тау Бетон» ЖШС-і мен «Ынтымак-ОК» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген.
Айта кетейік, тұрғындарды баспанамен қамту бағытында бүгінгі күнге дейін мемлекет есебінен Леңгер қаласы І мөлтек ауданда 23 көпқабатты үй құрылысы жүргізіліп, 1000-ға жуық отбасы баспаналы болды. Ауданда тұрғын үй кезегінде 5 мыңнан астам адам тіркелген.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін үш көпқабатты тұрғын үй құрылысы аяқталып, 156 отбасыға пәтер кілттері табысталады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.