Түркістан: Төлебиде жаңа көпір пайдалануға берілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 21 маусым, 2025

Төлеби ауданына қарасты Ханарық елді мекенінде стратегиялық маңызы бар жаңа көпір ел игілігіне берілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Құрылысы 2018 жылы басталғанымен, мердігер мекеменің салғыртығынан құрылысы ұзаққа созылған нысанның ашылу салтанатына ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Ермек Сұлтанқұлов арнайы қатысып,  тұрғындарды құттықтады. Сонымен қатар аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов тұрғындарға жүрекжарды лебізін білдіріп, көпірдің маңыздылығына тоқталды.

–Ханарық елді мекеніндегі көптен  күткен, көпір құрылысын аяқтап, ел игілігіне тапсыру  үшін жиналып отырмыз.  «Бұл көпір – тек өткел емес,  сенім көпірі,  бірлік пен татулықтың символы. Нысан  ауылдың ғана емес, бүкіл  өңірдің дамуына оң әсер етеді деп сенеміз, –  деген аудан басшысы игі іске атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді. 

Облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға  ұзындығы 42 метр, ені 10 метр көпірдің құрылысын мердігер мекеме «АВС Group KZ» ЖШС жүргізді. Көпір Ханарық елді мекеніндегі 250 тұрғын үй мен 2 мыңға жуық азаматқа арналған. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.