Наурыз мерекесі қарсаңында Түлкібас ауданы Шақпақ-баба елді мекенінде жаңа дәрігерлік амбулатория ел игілігіне пайдалануға берілді,- деп хабарлайды turkistan.today
Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихат төрағасы Серғали Сәрсембаев, аудандық аурухананың бас дәрігері, ауыл ақсақалдары мен ауылдан сайланған мәслихат депутаты және ауыл әкімі қатысып тұрғындардың қуанышын бөлісті.
Заманауи дәрігерлік амбулаторияда 1 жалпы дәрежелі дәрігер, 1 фельдшер және 2 медбике халыққа қызмет көрсетеді. Игі шарада ауыл тұрғындары мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмектерге дән риза екендіктерін жеткізді. Нысанның ауласына ағаш көшеттерін отырғызып, ақсақалдар ақ батасын берді. Аталған елді мекенде 4 мыңнан астам тұрғын өмір сүреді.
Айта кетейік, биыл аудан аумағындағы 2 ауылға заманауи жаңа амбулатория салынып, пайдалануға берілген болатын. Сонымен қатар Қызылбастау елді мекеніне заманауи фельдшерлік-акушерлік пункт соғу жоспарлануда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.