Түркістан: Қызылкөл көлінің аумағында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 12 сәуір, 2025

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Түркістан облысы, Созақ ауданындағы Қызылкөл көлінің аумағында «Жастар Таза Қазақстан үшін!» және «Қоршаған ортаны қорғайық!» атты тазалық акциясы ұйымдастырылды,- деп хабарлайды turkistan.today

Игі шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығының мүшелері, белсенді жастар мен жергілікті тұрғындар жұмыла қатысты. Қызылкөл маңы мен көлге апарар жол бойы тұрмыстық қалдықтардан тазартылды. Сондай-ақ қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында арнайы пластик қалдықтарға арналған қоқыс жәшіктері орнатылды.

Аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы:  
«Таза табиғат — жарқын болашақтың кепілі. Қоршаған ортаны қорғау — әрбір азаматтың міндеті. Бүгінгі сенбілікке атсалысып, табиғатқа жанашырлық танытқан баршаңызға алғысымды білдіремін. Осындай бірлігіміз бен жанашырлығымыз көпке үлгі болсын!»  деп, қатысушыларға жүрекжарды тілегін білдірді.

Айта кетейік, аталған акция бұған дейін 7-11 сәуір аралығында аудан аумағындағы 12 ауылда өткізіліп, акцияға 972 адам атсалысты.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.