Түркістан: Жұмысшы мамандықтар жылында колледж студенттері зауытта іс-тәжірибеден өтуде

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 7 ақпан, 2025

Елімізде 2025 жылы «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланған болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға бағытталған,- деп хабарлайды turkistan.today

Сондай-ақ, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға негізделген. Осы ретте Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студентері үш жақты келісім бойынша кәсіптік тәжірибелерін «Turkestan Textile» ЖШС мекемесінде өткізуде. Серіктестік директоры Әлішер Абултаев оқу орны мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық жалғасатындығын жеткізді.

Бүгінде еліміздің техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқытудың енгізілуі - маман даярлау үшін маңызды болып отыр. Студент қатарында жүріп өзін жұмыс орнында сынақтан өткізу арқылы болашақ мамандар өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.