Түркістан: Жауапты басшылар жазық далада шегіртке зиянкесіне қарсы дайындықты зерделеді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 20 наурыз, 2025

Түркістан облысында зиянкестермен күрес бойынша 4 жедел штаб құрылып, жұмыс күші жасақталған. Бұл жұмыстар тікелей облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің бақылауына алынған,- деп хабарлайды turkistan.today

Осы орайда, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласы, Қожатоғай ауылындағы жедел штаб құрамымен кездесіп, дайындықты пысықтады. Жұмысты үйлестіру бойынша семинар ұйымдастырылып, оған аудан, қала әкімдері мен салаға жауапты орынбасарлары, басқарма басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Семинар барысында шегіртке дернәсілдерін анықтаудан бастап химиялық өңдеуден соң тазалауға дейінгі жұмыс үлестіріліп, міндеттемелер бекітілді. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға жұмыстарды аса жауапкершілікпен уақытылы атқаруды тапсырды.

Биыл шегірткеге қарсы химиялық өңдеу облыстағы 9 ауданда жүргізілмек. Мамандар шегіртке дернәсілдерінің сәуір айының алғашқы 10 күнінде шығады деп болжам жасады. Жалпы, 1 млн. гектарға жуық жайылым жер алқаптарының 15 мың гектардан бөлінген картасы әзірленіп, 65 аумақта жұмысшы топ жасақталды. Сонымен қатар аудан, қала әкімдіктері тарапынан 980 анықтаушы тізімі бекітілді. Анықтаушыларды «Болжам әдістемелік орталығы» арнайы дайындықтан өткізді.

Одан бөлек, 65 жұмысшы топқа жатын орындар дайындалып, химиялық өңдеу ерітіндісін әзірлеуге қажетті 206 су көзі белгіленді. Анықтаушыларды тасымалдауға 86 микроавтобус, су жеткізуге 45 арнайы автокөлік, жанар-жағармай жеткізуге 30 арнайы автокөлік әзірленді. Өңірдегі 2 990 жайылым жер иелеріне хабарлама берілді. Олар да анықтау шараларына қатыспақ. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.