Түркістан: Жаздық егістік 14 мың гектар жерге егілді

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 17 наурыз, 2025

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдарына арналған егістік көлемі 26 мың гектарға ұлғайтылып, 896 мың гектарды құрап отыр. Егістікті әртараптандыру мақсатында мақта 29 мың гектарға ұлғайтылып,135,3 мың гектарға, дәнді дақылдар 5 мың гектарға артып, 338 мың гектарға, майлы дақылдар 2 мың гектарға ұлғайтылып, 72,7 мың гектарға артығымен егілмек. Ал, көкөніс және бақша дақылдары 7 мың гектарға, мал азықтық дақылдары 3 мың гектарға қысқартылады,- деп хабарлайды turkistan.today

Бүгінгі күнге жоспарланған 519 мың гектар жаздық егістіктің 14 мың гектары егілді. Дала жұмыстарына 17,5 мың техника жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы құрылымдарында 15,7 мың трактор, 1,7 мың дәнсепкіш техника, 2,9 мың соқа, 2,2 мың қопсытқыш бар. Сонымен қатар Жетісай ауданында «Мақталы жер» базасында арнайы машина-трактор станциясы құрылып, «Оңтүстік «АИО» ЖШС және «Ырыс» МҚҰ» ЖШС арқылы қаржыландырылды. Жоба құны – 447 млн теңге. Қаржыландыру нәтижесінде 12 трактор, 7 дәнсепкіш және 5 қопсытқыш, жалпы 24 бірлік техника сатып алынды. Дала жұмыстарына ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы 98 пайызды құрайды.

Үкіметтің қолдауымен көктемгі дала жұмыстарына 55,3 мың тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлінді. Ақпан айына бөлінген 2 мың тонна жанармай агроқұрылымдарға босатылуда. Босату бағасы нарықтық бағадан 15% төмен. Одан бөлек, тауар өндірушілер жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Минералдық тыңайтқыштармен қамтамасыз ету мақсатында отандық тыңайтқыш зауыттарының 60% субсидиясы төленді. Бағдарламаға өтінім қабылдау жүргізілуде. Сонымен қатар облыс аумағындағы қоймада 25 мың тонна минералды тыңайтқыш сақтаулы. Дала жұмыстарын жүргізуге «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы 8,8 млрд. теңгеге 1141 жоба қаржыландырылды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.