Түркістан облысы, Жетісай ауданында жаңа қоғамдық көліктер ел игілігіне берілді. Мақсат – заңсыз жолаушылар тасымалына тосқауыл қою, жол жүру ережелерін сақтау, такси тұрақжайларды реттеу, ауданішілік және ауданаралық, қалааралық бағыттарда жолаушы тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер мен жеке такси жүргізушілерінің көліктерінің техникалық қауіпсіздігі, жол жүру ережелерін қатаң сақтап, жолаушылардың қауіпсіздігін сақтау. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес бүгін заманауи 14 шағын автобустың кілті табысталды,- деп хабарлайды turkistan.today
Аудан аумағында жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын «SAR avto» ЖШС арнайы мемлекеттік бағдарлама арқылы елді мекен тұрғындарының аудан орталығына қатынауын оңтайландыру мақсатында 10 бағыт бойынша қоғамдық көліктер санын арттырып отыр.
Ел Үкіметінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №604 қаулысына сәйкес, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының жеңілдетілген лизингтік қаржыландыруы арқылы алынған отандық көліктер заманауи талаптарға сай жабдықталған, жолаушылардың талаптарын толықтай қанағаттандыра алады. Мұздатқыш және желдеткіш жүйелерімен, ыңғайлы орындықтармен және қауіпсіздік белбеулерімен қамтамасыз етілген.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.