Түркістан әкімі Әзімбек Пазылбекұлының тапсырмасына сәйкес балалар мен жасөспірімдердің спортпен шұғылдануына арналған жаңа 9 ойын және спорт алаңшалары салынып, халық игілігіне берілді,- деп хабарлайды turkistan.today
Тұрғындардың шағымын ескере отырып, қажетті орындарда, атап айтқанда Қазақбақ, Алтай, М.Әбенова, А.Жангелдин, Мұғалжар, Ш.Уәлиханов, Р.Дастанова көшелерінде ойын алаңшалары, сондай-ақ Хақназар хан мен Ш.Ниязов көшелерінде футбол алаңшалары бой көтерді.
Құрылысы ағымдағы жылдың ақпан айында басталған алаңшалар бүгінде толық аяқталған. Барлық жұмыстар сапа стандарттары мен қауіпсіздік талаптарына сай жабдықталған.
Айта кетейік, бүгінде Түркістан қаласы аумағында жалпы 250-ге жуық ойын және спорт алаңшасы қолданыста.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.