Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыста инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеген
Түркістан облысында АИТВ инфекциясына қарсы күрес жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді,- деп хабарлайды turkistan.today
Жыл басынан бері облыстық «АИТВ-ның алдын алу және онымен күресу орталығының» мамандары өңір тұрғындарымен түрлі кездесулер мен акциялар ұйымдастырып, жұқпалы аурудың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізген. Бұл жайында Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Бақытжан Жүзжасаров БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді.
«Облыс аумағында 2024 жылдың он айында 10 акция, 2 спорттық шара, 15 ашық есік күні өтті. Сонымен қатар, білім беру мекемелері мен мемлекеттік қызмет көрсету орындарында 25 семинар-тренинг, мединициналық мекемелер және әлеуметтік маңызы бар орындарда 3 дөңгелек үстел ұйымдастырылды»- деді орталық басшысы.
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде облыста инфекция жұқтыру көрсеткіші төмендеген. Жыл басынан бері өңірде АИТВ инфекциясына шалдыққан 96 жағдай тіркелген. Оның ішінде 4 азамат шетелдік. Орталық басшысының орынбасары Дәурен Рыскелдиев өткен жылдың 10 айында жұқпалы ауруға шалдыққан 107 жағдай анықталғанын жеткізді .
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.