Түркістан қаласында «Конгресс холл» кешенінде «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз сазы» атты алғашқы концерті өтті. Концертте ұлттық музыкамыздың жауһары саналатын шығармалар, халық әндері орындалды,- деп хабарлайды turkistan.today
Ансамбльге «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті. Сонымен қатар Қырғызстанның «Акак» комузшылар ансамблінің солисі Курманбек Жалил уулы ансамбльмен бірге өнер көрсетті.
Бұл кеште кешеннің «Jana lep» шығармашылық ұжымы мен «Samgau» би ансамбліде өнер көрсетіп, жеке ән орындауда Айдос Иманжаппаров, Мейірімхан Назархан, Асыл Жомарт пен Жанәділ Ақерке елдің зор ықыласына бөленді. Кештің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов болса, музыкалық жетекші Венера Жұбайқызы. Ал топ меңгерушісі Кенжебек Пірмахан.
Айта кетейік, «Alqonyr» фольклорлық ансамблі 2023 жылдың күзінде құрылды. Ансамбль құрамында саз сырнайшы, төрт домбырашы, прима қобызшы, қыл қобызшы, екі баяншы мен дауылпазшы бар.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.