Бүгін Түркістанда азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорының жәрмеңкесі өтті,- деп хабарлайды turkistan.today
Онда халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар 19-тан астам өнім түрі нарықтағы бағадан 40-50 пайызға төмен сатылды. Игі бастаманы «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ ұйымдастырды.
Жәрмеңкеде ет, сүт, ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Мәселен, картоп пен сәбіз келісі - 100 теңге, пияз – 77 теңгеден бағаланса, күнбағыс майы - 520 теңге, жұмыртқа 40 теңге, І сұрыпты бидай – 190 теңге, қарақұмық жармасы – 220 теңгеден саудаланды. Тұрғындар сиыр етін 2000 теңгеден, ал тауық етін 970 теңгеден сатып алды.
«Түркістан» ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры департаментінің директоры Лаура Жанасбаева мұндай жәрмеңкелер жыл бойы тұрақты түрде өткізіліп жатқанын айтты. Облыс орталығындағы кезекті жәрмеңкені 24 желтоқсан күні ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.