“Бабалар рухына 100 хатым”: Түркістанда киелі кесенеде іс-шара өтті

Түркістан 2 қазан, 2025

2025 жылдың 1 қазанында рухани астана Түркістан төрінде, қасиетті Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдің бірлігі мен рухани құндылықтарын дәріптеуге арналған «Бабалар рухына 100 хатым» атты тағылымды іс-шара өтті,- деп хабарлайды turkistan.today

Бұл рухани жиынға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов, ел ақсақалдары, Түркістанның тұрғындары мен қонақтары қатысып, рухани іс-шараның мәнін арттыра түсті.

Шара қонақтарды ыстық ілтипатпен қарсы алудан басталып, киелі кесене алдында құрбандық шалу рәсімімен жалғасын тапты. Бас мүфти жиналған жамағатқа жүрекжарды сөзін арнап, ұлы бабалардың аманатын сақтау мен ұлттық рухты жаңғыртудың маңызына тоқталды. Одан кейін зиярат жасап, Қожа Ахмет Ясауи баба мен Түркістанда жерленген тарихи тұлғалардың рухына бағыштап Құран оқыды.

Кесене маңында Түркістан облысының наиб имамы Сүлеймен қари Моллатілеуұлы 100 хатым Құранды оқып, дұға жасады. Шара соңында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бата беріп, игі тілегін жеткізді.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.