Түркістанда “Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар“ күні аталып өтті

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 27 ақпан, 2025

Түркістан қаласындағы «Ұлы Дала Елі» орталығында – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күніне (World NGO Day) орай мерекелік іс-шара өтті. Шара өңірдегі азаматтық қоғамның дамуына үлес қосып жүрген үкіметтік емес ұйымдардың (ҮЕҰ) еңбегін бағалау, олардың қоғамдағы рөлін көрсету және серіктестікті нығайту мақсатында өткізілді,- деп хабарлайды turkistan.today

Жиынға мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белсенді жастар қатысты. Мерекелік шарада сөз алған Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Ерлан Күзембаев қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген белсенді азаматтардың, қоғамдық ұйымдардың, еріктілер мен қайырымдылық қорларының еңбегін ерекше атап өтті.

Жиын барысында азаматтық қоғам саласындағы сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлі туралы пікірлерімен бөлісті. Атап айтқанда, «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар қауымдастығы нысанындағы бірлестіктің негізін қалаушы, қоғам қайраткері Шәріпбек Жамалбеков азаматтық қоғам институттарын қолдау және дамытудың маңыздылығы жөнінде келелі ойларын жеткізді.

Сонымен бірге, жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың белсенді өкілдері орталық мемлекеттік орган басшыларының, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі Президентінің, Түркістан облысы әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.