Түркістанда дропперлікпен күрес және қаржылық қауіпсіздік тақырыбында кездесу өтті

Түркістан 23 мамыр, 2025

Түркістан қаласында Жастар ресурстық орталығының базасында маңызды кездесу өтті. Шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкері Ермахан Мырзабай Болатұлы жастармен кездесіп, қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – дропперлік және қаржылық алаяқтықтың алдын алу туралы кеңінен түсіндірді,- деп хабарлайды turkistan.today

Кездесу барысында қатысушылар дроптарды (қылмыстық схемаларда өз бетінше түсінбей, алаяқтарға көмектесіп қоюы мүмкін азаматтар) қалай анықтауға болатынын, қаржы пирамидаларының негізгі белгілерін және олардың қоғамға тигізер зиянын талқылады. Сонымен қатар, қаржылық қауіпсіздікті сақтау жолдары,  жеке мәліметтерді қорғау әдістері және жасанды интеллект құралдарын алаяқтықпен күресте тиімді қолдану мүмкіндіктері айтылды.

Шараға қатысқан орталық мамандары өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, алған білімдерін жақындарына жеткізетіндерін атап өтті.

Бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» қағидасына сай, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.