Бүгін «Үлес» қайырымдылық қоры өзінің игі істерінің жалғасы ретінде Түркістан қаласында тұратын І топтағы мүмкіндігі шектеулі азамат Ахлиддинов Арман мен жұбайы Лена Ахлиддиноваға жаңа баспана табыстады. Бұл — қор тарапынан берілген 50-ші баспана,- деп хабарлайды turkistan.today
Мүмкіндігі шектеулі жандардың қуанышына ортақтасқан Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мен Түркістан облыстық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенұлы арнайы сый-сияпатымен жаңа баспананың кілтін табыстады.
Арман Ахлиддинов көру қабілетінен айрылған ардагер ақсақал, ал жұбайы Лена арбаға таңылған. Қиындықтарға қарамастан, отбасы өмірге құлшыныспен қарап, ұлдарын тәрбиелеуде. Қазіргі таңда олардың жалғыз ұлы жалпы орта мектептің 9-сыныбында білім алуда.
Жанұяның негізгі табыс көзі – мемлекет тарапынан берілетін мүгедектікке байланысты әлеуметтік жәрдемақы және өзге де мемлекеттік қолдау түрлері. Осындай өмірлік жағдайларды ескере отырып, «Үлес» қайырымдылық қоры бұл отбасына баспана сыйлады.
Жаңа тұрғын үйге ие болған отбасы әкімдік пен қордың қайырымды ақсақалдарына шынайы алғысын білдіріп, істеріне сәттілік тіледі.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.