Ашылу салтанатынан кейін жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша финалдық сын өтті.
Түркістан облысының орталығында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша Қазақстан Республикасының ерлер арасындағы ХХХ және әйелдер арасындағы Х жазғы чемпионаттары өтіп жатыр,-деп хабарлайды turkistan.today
«Түркістан Арена» орталық стадионында чемпионаттың ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Асқар Төлешев, «Қазақстандық өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорттық федерациясы» ҚБ атқарушы директоры Дәурен Данаев, Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет комитеті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Александр Чистяков, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және басқа да қонақтар қатысты. Олар құттықтау сөзін сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.
4 күнге созылатын жарысқа еліміздің барлық өңірінен келген 22 ерлер және 12 әйелдер құрама командасы жүлделі орындарға таласады. Сондай-ақ Түркістан төріндегі жарысқа қатысып, өз күштерін сынап көру үшін Өзбекстан Республикасының және Қырғыз Республикасының спортшылары арнайы келді. Жалпы 340 спортшы қатысып жатыр.
Ашылу салтанатынан кейін жүз метрлік кедергілері бар жолақтан өту бойынша финалдық сын өтті. Бұл сайыс күш пен ептілікті талап етеді. Өйткені кедергілерді сәтті еңсеру үшін тек жылдамдық ғана емес, ептілік те қажет. Жүгіріп бара жатып, 2 метрлік қоршаудан өту, бөрене арқылы жүгіру секілді бірнеше элементті қамтиды. Одан кейінгі күндері өрт эстафетасы мен өзге де жарыстар өтеді. Сонымен бірге сатымен екінші және төртінші қабаттарға көтеруден де сынға түсуде.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.