Түркістанда құрылысы ұзаққа созылған қос мектеп пайдалануға берілді

Фото: turkistan.today
Фото: turkistan.today
Түркістан 20 қыркүйек, 2024

Бүгінгі күні мониторингімізде Төлеби ауданындағы 2 көпір объектілері бар

Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің сүйемелдеуіндегі Қазығұрт ауданындағы «Айнатас» атындағы және Отырар ауданындағы Ж.Егембердиев атындағы негізгі мектептердің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінгі таңда қос мектепте 300-ден аса бала білім алуда,- деп хабарлайды turkistan.today

Бюджет қаржысына салынған жаңа білім беру ордаларының құрылысы мердігер мекемелердің жауапсыздығынан әрқайсысы 4 жылға жуық тұрақтап қалған.

Қазығұрт ауданындағы Атажұрт ауылы бұған дейін мектебі жоқ елді мекендер қатарында болған, яғни осы ауылдағы алғашқы мектеп.  200-ден аса оқушы ұзақ уақыт бойы 3,5 шақырым жол жүріп, көрші ауылдың мектебіне барып білім алуға мәжбүр болған.

Жаңадан салынған білім беру мекемелерінде оқу сыныптары мен асхана, ойын алаңдары мен спортзал, зертхана мен шеберханалар қажетті құрылғылармен жабдықталған.

Айта кетейік, өңірлік Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына облыс аумағында тапсыру мерзімдері бұзылған 8 әлеуметтік нысан енгізілген болса, бүгінгі күні 3 мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Бүгінгі күні, мониторингімізде Төлеби ауданындағы 2 көпір мен Ордабасы ауданындағы 3 мектептің құрылыс объектілері бар.

Ұзақ мерзімді әлеуметтік нысандардың құрылысына Департаментпен бірге Антикор еріктілер де белсенді қоғамдық бақылау орнатуда.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.