ҚР Еңбек сіңірген «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі 70 жылдық мерейтойына орай Түркістан қаласында гастрольдік іс-сапармен келді. Өнер ұжымы сапар аясында «Би керуені» жобасы негізінде концерт өткізеді. Бұл туралы ҚР «Салтанат» би ансамблінің директоры Елубай Кенжеалиев мәлімдеді,- деп хабарлайды turkistan.today
«Конгресс Холл» көпсалалы кешенінде ҚР «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің көркемдік жетекшісі, Халықаралық конкурстардың лауреаты Қуанышбек Төлеген, бас балетмейстер, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ақмарал Әбдікәрімқызы, халықаралық конкурстардың лауреаты, балетмейстер Талғат Ахметовтың қатысуымен мастер-класстар ұйымдастырылады. Шеберлік сағаттарында «Халық сахналық биі», «Қазіргі заманның қазақ биі» тақырыптарында арнайы дәріс беріледі. Дәріске қатысқан әр қатысушыға тегін сертификат табысталады. Концертте қазақтың әндері мен күйлері де шырқалады. Кеш қонақтары - ҚР Мәдениет қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, әнші Өмірқұл Айнязов және ҚР Мәдениет саласының үздігі, күйші Рахат Сарсенов арнайы өнер көрсететін болады»-деді өнер ұжымының басшысы.
Сондай-ақ, брифинг барысында ҚР «Салтанат» би ансамблінің көркемдік жетекшісі Қуанышбек Төлеген сахнада орындалатын билердің түрлері туралы баяндады.
«Жетпіс жылдық тарихы бар ансамбльдің репертуарында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің билері бар. Концерттік бағдарламада әлем халықтарының билері және қазақтың ұлттық билері ұсынылады. Орыс, ұйғыр, татар, кәріс, қытай, өзбек, тәжік, моңғол және тағы басқа ұлттардың би қойылымдарын және әр елдің салт-дәстүрін, мәдениетін көрермендер тамашалай алады»-деді спикер
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.