Серіктестер

Түркістанда студенттер арасында ХІІІ жазғы Универсиада басталды

Жаңалықтар 13 мамыр, 2025

10 мамыр мен 14 маусым аралығында Түркістан қаласындағы Халықаралық туризм және меймандостық университетінде еліміздің жоғары оқу орындарының білім алушылары арасында XIII жазғы Универсиада өтеді. Жарысқа спорттың 17 түрінен 76 жоғары оқу орнының 4 000-нан астам білім алушысы қатысады,- деп хабарлайды turkistan.today

Универсиаданың ашылу салтанаты 16 мамырда «Түркістан Арена» орталық стадионында, жабылуы 13 маусымда <<<Olympic Center» спорт кешенінде өткізіледі. Спорттық іс-шаралар университет аумағында және Түркістан қаласының заманауи мамандандырылған спорт кешендерінде ұйымдастырылып, 800- ден астам медаль мен 100-ден аса кубок сарапқа салынады.

Универсиаданың алғашқы ойындарында тоғызқұмалақ пен үстел теннисі бойынша жарыстар басталды. Тоғызқұмалақ спорты бойынша 32 жоғары оқу орнынан 192, үстел теннисі спорты бойынша 26 жоғары оқу орынан 156 білім алушы қатысты.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

+ 7 775 186 2113

Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, 17В блок, 204-кабинет (Журналистер үйі)

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.