Түркістанда суретшілердің халықаралық симпозиумы өтті

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан 17 сәуір, 2025

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласының ерекше мәртебеге ие болуына орай  «TURKISTAN STYLE» халықаралық суретшілер симпозиумы өз мәресіне жетті,- деп хабарлайды turkistan.today

6 күнге созылған іс-шараға әлемнің 8 мемлекетінен келген суретшілер қатысты. Олардың қатарында Үндістан, Түркия, Әзербайжан, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресейден және Қазақстанның әр өңірінен келген танымал суретшілер мен профессорлар бар. Онда 120-дан астам шығармалар ұсынылды. Бұл  – қылқалам шеберлерінің ерекше мәртебеге ие болған Түркістанды ұлықтауға қосқан үлестері.

Симпозиумның қорытындысы ретінде «Конгресс холл» кешенінің фойесінде халықаралық суретшілер симпозиумының шығармаларынан көрме ұйымдастырылды. Қылқалам шеберлерінің Түркістанның қазіргі бейнесі бейнеленген суреттері жұртшылыққа ұсынылды. 

Симпозиумның қорытынды көрмесінің ашылу рәсімінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев «TURKISTAN STYLE» халықаралық симпозиумына қатысушы суретшілерді құттықтап, дипломдармен марапаттап, сертификаттар тапсырды. 

– Түркістан қаласы заманауи қайта жаңғырып, ерекше мәртебеге ие болғанын білесіздер. Осындай сәтте суретшілердің рухани астананың көне тарихы мен жаңаруын бейнелеген туындылары, оның ежелгі тарихына тағы бір үңіліп, киелі Түркістанның бүгінгі күнін өнер тілімен ұлықтауы – құптарлық іс. Сіздер салған өнер туындылары ұрпаққа ең қымбат мұра, маңызы зор деректі мирас болып қалатыны сөзсіз, – деді облыс әкімінің орынбасары Ертай Кенжебекұлы. 

Қырғызстан Республикасының халық суретшісі, Тоқтоғұл атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері академик Юристанбек Шығаев пен ҚР Көркем академиясының академигі және вице-президенті Ерлан Айтуаров бейнелеу өнерін дамыту мақсатындағы осындай ауқымды іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, суретшілер атынан алғыстарын білдірді. 

 

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.