Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров укараиналық инвесторлармен кездесті. «UBC Group» компаниясының өкілдері Игорь Бурдиленко мен Юрий Светличныймен кездесіп, аймақта жүзеге асырылып жатқан жобаның жай-күйін талқылады. Украиналық инвесторлар қолайлы жағдай жасап, жұмысқа қолдау көрсеткен облыс басшылығына алғыстарын білдірді,- деп хабарлайды turkistan.today
Облыс әкімі Нұралхан Көшеров әріптестікті нығайтып, зауыттың келесі кезеңдерін іске қосуға қолдау көрсетілетінін жеткізді.
– Бұл инвестициялық жоба біз үшін өте маңызды. Өндіріс желілерін ашуға қажетті жер мен инфрақұрылым ұсынуға әзірміз. Индустриалды аймақ, арнайы экономикалық аймақтарымыз бар. Президентіміз 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Осы ретте аталған кәсіпорындарға жергілікті жастарды тарту үшін білікті маман даярлауға да қолдауларыңызды күтеміз. Маман даярлау ісін бірлесе атқаруға, колледждерді қажетті гранттармен қамтуға дайынбыз, – деді облыс әкімі.
Игорь Бурдиленко Кентаудағы колледжбен бірлесе іс атқарып, жастарды жұмысқа тартып жатқанын мәлімдеді. Алдағы уақытта да бұл бағытта жұмыстар жалғаспақ.
Бүгінде Түркістан облысындағы «Шағын өндірістік парк» аумағында тоңазытқыш құрылғылары мен мұздатқыш сөрелер шығаратын кәсіпорын жұмысын бастап кеткен. Өнімдерін Орталық Азия елдеріне импорттап келе жатқан «UBC Group» холдингі Түркістан облысында екі ірі өндіріс желісін ашу жөнінде шешім қабылдаған. Бірінші кезеңіне 5 миллион еуро көлемінде қаржы құйылып, 350-ге жуық жұмыс орны ашылса, алдағы уақытта бой көтеретін екінші зауытқа да инвестиция салынбақ. Нәтижесінде айына 10 мыңға дейін тоңазытқыш жабдығын шығарып, мыңға жуық адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.