Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс орталығындағы Арнайы экономикалық аймақта құрылысы жүріп жатқан зауыттардағы жұмыспен, жобалармен танысты. Атқарылып жатқан істерді саралап, инвесторлармен алдағы жоспарлар жөнінде пікір алмасты,- деп хабарлайды turkistan.today
– Облыс әкімдігі тарапынан жер, инфрақұрылым, құжаттандыруға қатысты мәселелерді шешіп береміз. Сіздер әр жобаны уақтылы жүзеге асырып, іске қосуларыңыз керек. Жергілікті тұрғындардың жұмыспен қамтылуына мән беріледі. Мақсатымыз – өндірісті дамыту, – деді Нұралхан Көшеров.
Өңір басшысы «PSI Mineral Technologies» ЖШС Түркістан қаласындағы тау-кен металлургия кешеніне арналған ауыр техника шығаратын зауытының құрылысын қадағалады. Зауыт директорының айтуынша, жобаның қуаты – жылына 956 тонна, жобаның құны – 8 323,4 млн тенге. Өндірілген техникалар елімізге және шетелдерге саудаланбақ. Құрылыс жұмыстары кестеге сай жүруде, бірінші кезеңі биыл іске қосылады.
Нұралхан Көшеров «Алтын дала мақта» ЖШС-нің Түркістан қаласындағы біріктірілген қоймасы бар ПВХ құбырларын шығаратын зауытының жұмысын көрді. Бұл зауыт жылына 1,44 млн метр құбыр шығаруға қауқарлы. 60 адам жұмыспен қамтылған.
Одан кейін облыс әкіміне «Түркістан мақта агроөнеркәсіп кешені» ЖШС-нің мақта фабрикасы мен цехтарының құрылысы таныстырылды. Жұмыс қарқынды жүруде. Жобаның құны 146,8 млрд теңгені құрайды. Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейді деп жоспарланған. Онда мақтаны иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу жұмысы жүреді. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін құрайды. 2000-нан астам жұмыс орны құрылады.
Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе
info@turkistan.today
ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024
Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.
© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.