Түркістанда заң үстемдігін нығайту мақсатында дөңгелек үстел өтті

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 21 ақпан, 2025

Бүгін Түркістан қаласында "Азаматтық қоғам: Заң мен тәртіп үстемдік ететін қоғам" тақырынба дөңгелек үстел өтті. Шара облыстық Қоғамдық даму басқармасы мен облыстық Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен қолға алынған,- деп хабарлайды turkistan.today

Жиынға облыстық Әділет департаментінің өкілі Бағдат Үсенов пен облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Сәуле Шырынбекова қатысып, қоғамдық ұйымдардың мемлекеттік тіркеуден өтуін, қызметін тоқтату және есеп беру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара – заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және заң талаптарын құрметтеуге бағытталған. Жиында азаматтық қоғам мен мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, кездесуде
заңды сақтау және тәртіпті ұстанудың қоғамның тұрақты дамуына қосатын үлесі жайлы пікірлер айтылды.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.