Түркістанда жалпықалалық тазалық шарасы өтуде

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Түркістан 22 ақпан, 2025

Бүгін Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпықалалық тазалық шарасы өтті. Шара -  қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындардың белсенді азаматтық ұстанымдарын дамыту және табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған,- деп хабарлайды turkistan.today

Қаладағы тазалық жұмыстары таңғы сағат 9:00-ден басталып, оған қала тұрғындары мен түрлі ұйымдардан 1100 адам және 28 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың көшелері мен қоғамдық орындар, шет аймақтар қоқыстан тазартылды. Дәл қазіргі сәтте Шауғар тұрғын алқабындағы 45 көше бойында сенбілік өтіп жатыр. 

-   Ауламыз бен ауылымызды таза ұстау - әрбір тұрғынның міндеті. Әр аула таза болса, ауыл таза болады. Ал ауыл таза болса, ауданның тазалығы. Аудан тұрғындарын денсаулық кепілі болған тазалықты сақтауға шақырамын, - деді шауғарлық тұрғын Фатима Құдайбергенова.

Бұл бастама тек қаланың айналасын ғана емес, тұрғындардың экологиялық санасын да қалыптастыруға бағытталған. Алдағы уақытта қалада тазалық жұмыстары дәстүрлі түрде ұйымдастырылмақ.

Ұқсас жаңалық

Редакциямен байланыс

Астана, Ш.Қалдаяков көш, 23/1, 26 кеңсе

info@turkistan.today

Әлеуметтік желілер
Біз туралы

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 22.08.2018 жылдан №17251 «Turkistan Today» АА Куәлігі берілген. © 2018-2024

Сайттағы материалдарды пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз. Ақпараттық порталдағы авторлық және басқа да құқықтар толығымен қорғалатынын ескертеміз. Автордың жеке пікірі редакцияның көзқарасы болып саналмайды. Жарнама мен түрлі хабарландыруларға жарнама беруші жауапты.

Яндекс.Метрика newsroom.kz

© Turkistan Today. Барлық құқық қорғалған.